«Агенттіктермен арадағы келіссөздер ағымдағы жылы басталады. Ал 2010-жылы аталған бес жоғары білім ошағында интитуционалдық аккредитация жүргізу жоспарда бар»,- деді министр.
Осы орайда еске салсақ, 2008-2009-жылдарда Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жекелеген білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациядан өткізу жоспарланып отыр.
2008-жылы жеті білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациядан өткізуге бюджеттен 136,5 млн теңге, ал 2009-жылы үш білім беру бағдарламасына 58,5 млн теңге бөлу межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті