Павлодарда сейсенбіде "Дін және әйел" республикалық форумы барысында гендерлік теңдік пен хиджаб туралы пікірталас болды.
Президент көмекшісі, әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Гүлшара Әбдіхалықова атап өткендей, елімізде қазақстандық қыздарға сапалы білім алуға және жақсы жұмысқа тұруға бар жағдай жасалған.
Біздің дәстүрлерімізге қайшы келетін қандай да болмасын жаңа дәстүрлерді қоғамға сіңіруге тырысқан бүкіл әрекеттерге жабылып тойтарыс беруіміз керек, деді ол.
Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын атап өткендей, кез-келген дін қарапайымдылық, қайырымдылық, көршілерді құрметтеу, бақытты отбасын құру ниеттілігін қолдайды.
"Қазақстанда гендерлік қағида бойынша кемсітушілік жоқ. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтегілердің 60 пайызын әйелдер құрайды, сот жүйесінде — 61%, депутаттар — 34%, кәсіпкерлердің 40% әйелдер", деді Е.Арын.
Хиджаб мәселесіне тоқтала келе, әкім киімнің өзі қазақстандық қоғамға қауіпті емес, дін формасының өзгеру ықтималдығы қауіпті, біздің қоғамға жат мәдениет пен идеологияның енгізілуі қауіпті, деп айтты.
"Қоғамның діни иммунитеті біздің әйелдерді шектеуші құбылыстардан, дінге тым тереңдеп кетуден қорғауға тиіс", деп атап өтті Е.Арын.