Қазақстандық балуан Олимпиада алдында есімін өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық балуан Олимпиада алдында есімін өзгертті

Қазақстандық балуан Олимпиада алдында есімін өзгертті

Еркін күрес бойынша Қазақстан құрамасы атынан шығатын Тыва Республикасы Чадан қаласының тумасы Артас Санаа есімін өзгертті. Осылайша, Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада Нұрислам Санаев қазақтың көк байрағы үшін сынға түсетін болады.

  • 27 Шiлде 2016
  • 620
Фото - Caravan.kz

«Артас Санаа Қазақстан азаматтығын алып, ислам дінін қабылдаған соң, есімін өзгерту туралы шешім қабылдаған. Енді Нұрислам Санаев Риодағы Олимпиада ойындарында еркін күрес бойынша 57 келі салмақта еліміздің намысын қорғайтын болады», — деп хабарланды Вконтакте желісінде Kazakhstan Wrestling Online.

Жаңартылған әлемдік рейтингте спортшының сегізінші орында тұрғанын атап өткен жөн.


 

Соңғы жаңалықтар