Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев 11-ші кездесуін жеңіспен аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев 11-ші кездесуін жеңіспен аяқтады

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев 11-ші кездесуін жеңіспен аяқтады

Орта салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне жетті.

  • 17 Желтоқсан 2017
  • 122
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Vesti.kz. хабарлайды.

26 жастағы Жүкембаевтің қарсыласы 22 жастағы америкалық Уилберт Лопес болды. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрды. Судьялардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша 80:72 есебімен қазақстандық жеңіске жетті.

Жүкембаев үшін бұл кәсіпқой рингтегі 11 кездесуіндегі 11-ші жеңісі. Ал америкалық Уилберт Лопес 20 кездесу өткізіп, оның тоғызында жеңіліске ұшыраған. Айта кетейік, бокс кеші Канададағы 10 300 көрерменге арналған Place Bell аренасында өтіп жатыр.

Бокс кешінің басты кездесуі канадалық Давид Лемье мен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің жекпе-жегі.


 

Соңғы жаңалықтар