Қазақстандық боксшы өзбекстандық "Құбыжықты" жеңіп, Азия чемпионатының жүлдесіне ілігіп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшы өзбекстандық "Құбыжықты" жеңіп, Азия чемпионатының жүлдесіне ілігіп тұр

Қазақстандық боксшы өзбекстандық "Құбыжықты" жеңіп, Азия чемпионатының жүлдесіне ілігіп тұр

Боксшымыз жартылай финалға өтті.

  • 23 Сәуiр 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Тайланд астанасы Бангкокта болып жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, — деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақтағы 1/4 финалда Құлахмет өзбекстандық Исраил Мадримовпен жұдырықтасты. Қазақстандық төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.

Айта кетейік, Өзбекстан боксшысы кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізіп, "Құбыжық" лақап атын иеленіп үлгерген.

Осылайша, Құлахмет 2019 жылғы Азия чемпионатының жүлдесіне ілікті. Мұның алдында Закир Сафиулллин (60) де жартылай финалға өткен.

Кешкі сессияда (17:00) тағы екі боксшымыз жұдырықтсады.

69 келі. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Бобо-Усмон Батуров (Өбекстан)
+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Одай Альхивдави (Иордания)

Еске салайық, кеше 2019 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына үш боксшымыз жолдама алды : Теміртас Жүсүпов (49), Санатәлі Төлтаев (64) және Бек Нұрмағанбет (81). Ал Қайрат Ералиев (56) 1/4 финалда жеңілді.

Соңғы жаңалықтар