Қазақстандық дипломаттар А.Тәжаяқов және Д.Қадырбаевпен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық дипломаттар А.Тәжаяқов және Д.Қадырбаевпен кездесті

Қазақстандық дипломаттар А.Тәжаяқов және Д.Қадырбаевпен кездесті

ҚР Елшілігінің өкілі Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовтың қал-жағдайларын білуге түрмеге барды.

  • 9 Маусым 2015
  • 419
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев әлеуметтік желідегі өз аккаунтына жазды.
«Белгілі болғандай, 5 маусымда америкалық сот Азамат Тәжаяқовты тергеуге кедергі келтіргені және сол мақсатта сөз байласқаны үшін айыпты деп танып, 42 айға (3,5 жыл) бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оның 25 айын ол тергеу мен сот үрдісі уақытында өтеген болатын. Үлгілі тәртібі үшін оның жазасын өтеу мерзімінің 15 пайызы (тағы 6 ай мерзімі) жалпы мерзімнен қосымша қысқартылуы мүмкін», — делінген А.Әбибуллаев хабарламасында.
Д.Қадырбаевтың жағдайы тәрізді, оның да әрі қарай жазасын өтеу орны әзірге белгісіз.
А.Тәжаяқовтың адвокаттары америкалық 4 түрме бойынша ұсынымды қарау туралы Д. Қадырбаевтың қорғау петициясына қосылады.
Әзірге Қазақстан мен АҚШ арасында сотталған тұлғаларды қайтару туралы келісімшарттық-құқықтық база жоқ.
Еске сала кетейік, 2013 жылғы 15 сәуірде халықаралық марафон кезінде Бостонда екі жарылыс болды. Лаңкестік актінің салдарынан үш адам қаза болды, тағы 260 адам әртүрлі жарақат алды. Бірнеше күн өткеннен кейін оны жасауға күдіктелген Тамерлан Царнаев полицейлермен атыста оққа ұшты. Джохар Царнаев бой тасалады, бірақ та кейінірек ол ұсталды. Лаңкестік акті жасаудан басқа ол полицейді өлтіруге де айыпталды.
ФББ мәліметтері бойынша, Тәжаяқов пен Қадырбаев өздерінің жолдастары Джохар Царнаевтың бөлмесіндегі айғақтарды жоюға тырысты. Олардың қоқысқа тастаған айғақтарын кейіннен АҚШ арнайы қызметінің қызметкерлері тапты. Қазақстанның қос азаматы Царнаевпен Массачусетстегі университеттен таныс болған. Бұдан бұрын ФББ жарылыс қондырғысын әзірлеу үшін пайдаланылған құралдарды бөлмеден қалай шығарғаны туралы олардың айғақтарын жариялаған болатын.