«22 шілдеде Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстанның ІІМ мен Астана қалалық ІІД қызметкерлерінен құралған арнаулы топ жүзеге асырған шұғыл іздестіру шарасының барысында 1987-жылы туған Қырғызстан азаматы ұсталды. Ол кәмелеттік жасқа жетпеген екі қазақстандық баланы ұрлады деп айыпталуда»,- деді С.Досымов. «Ұстау сәтінде балалар жай үйден табылды», — деді ол.
С.Досымов алты жасар екі баланың жоғалғаны туралы өтініштің Астана қалалық ІІД-нің тергеу басқармасына ағымдағы жылдың 17 шілдесінде түскенін еске салды.
«Алдын-ала жауапқа сәйкес, ол балаларды алдау арқылы бағытты автобуспен Қазақстан аумағынан алып шығып, оларды туысқанының үйінде астыртын ұстаған», — деді С.Досымов.
ІІД-нің ақпаратына сәйкес, алдын-ала тергеу шаралары барысында ұсталғанның өзін Бауыржан деп таныстырып, балалардың ата-анасынан 180 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бопсалағаны мәлім болды. Тергеу барысында анықталғанындай, айыпталушы бірнеше ай Астанадағы құрылыс компанияларында істеген.
«Қазір Вена конвенциясына сәйкес, күдіктіні Қазақстанға экстрадициялауға құжаттар дайындалуда», — деп хабарлайды ІІД төрағасы.
«Балалар кепілдіктен босатылды. Қазір олар үйлерінде, сезім-жүйке және денсаулық ахуалы орташа», — деді С.Досымов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті