Қазақстандық еркектер әйелдерін құлдыққа сатып, жалға беретін болған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық еркектер әйелдерін құлдыққа сатып, жалға беретін болған

Қазақстандық еркектер әйелдерін құлдыққа сатып, жалға беретін болған

Соңғы кездері өз әйелін суррогат ана болуға итермелеп жүрген ер адамдардың қатары көбейіп келеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат

  • 6 Қараша 2017
  • 279
Фото - Caravan.kz

Соңғы кездері өз әйелін суррогат ана болуға итермелеп жүрген ер адамдардың қатары көбейіп келеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Интернетте суррогат ана боламын деген хабарламалар күннен күнге артып келеді. Кейбірін күйеулерінің өзі жазғанын көресің. «Жеңгетайлар» әйелдерінің денесін 9 айға жалға беруге дайын.

«Жауапкершілігі мол ата-ана үшін сәбиді  экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы дүниеге алып келуге дайынмын. Жасым 25-те. Бойым – 170 см. Салмағым – 70 келі. Сұлу, ақылды, мейірімді әйелмін. Жасанды түсікті ешқашан жасаған емеспін. Еш жерім ауырмайды. Ішімдік, темекіге әуестігім жоқ. Қызметім $30 000 тұрады және ай сайын 100 000 теңге төлеп тұруларыңыз қажет» деп жазылған хабарламалардың бірінде.

«Астанада тұрамын. Ұлтым қазақ. Ұш балам бар. Барлығын табиғи жолмен дүниеге әкелдім. Тұрмыстағы әйелмін. Жоғары білімім бар. Бойым – 163 см. Салмағым-57 келі. Салауатты өмір салтын ұстанамын» деп жазады Астана тұрғыны.

Caravan.kz журналисі өзін суррогат ана болуға ұсынған әйелмен әңгімелесіп көрді. Журналист қаржы тапшылығынан суррогат ана болғысы келетін, алайда күйеуіне айтуға қорқып жүрген әйел ретінде хабарлама иесіне хабарласты.

– Күйеуім қарсы бола ма деп қорқамын

– Менің күйеуім керісінше өзі ұсынды. Оған енем солай істеуге кеңес беріпті. Ақша жағынан қысылдық. Оның үстіне баспаналы болғымыз келді. Қорықсам да келісімімді бердім. Енді соған өкінемін. Қанша көз жасымды төктім. Гормондардың салдарынан әлі күнге дейін өзіме келе алмай жүрмін. Жүйкем тозды. Денсаулығым нашарлады.  

Жүкті болғаннан кейін 7 ай үйде отырдым. Күйеуім мен енем жағдайыма қарамастан қара жұмысқа салды. Оның анасы маған 5 баланы жұмыс істеп жүріп дүниеге әкелгенін үнемі айтып отыратын.


Жүктіліктің соңғы айлары биологиялық ата-ананың үйінде тұрдым. Олар менің әр қадамымды аңдыды. Босанғаннан кейін баланы алды да маған тіпті таксиде шақырмады. Үйге автобуспен жеттім.

– Күйеуіңіз қарсы алмады ма?

– Жоқ, оның қолы бос болмады.

– Үй сатып алдыңыздар ма?

– Жоқ, әлі күнге дейін пәтер жалдап тұрамыз. Енем де бізбен бірге тұрады. Ақша жұмсалып кетті. Күйеуімнің қарыздары бар екен. Оған қоқан-лоқы көрсетті. Сондықтан $10 мың долларды соған бердік.

– Енді екінші мәрте мұндайға келісіміңізді бермейтін шығарсыз?

– Жоқ, енді тек аналық жасушамды ғана өткіземін.

– Күйеуіңіз жұмыс істей ме?

– Жоқ, әлі жұмыс істемейді…

Телефонның арғы жағынан ер адамның айқайлаған дауысы естілді. Осымен әңгіме аяқталды.

Әр қыз баласы үлкен махаббатпен тұрмыс құрып, бақытты болуды қалайды. Өкінішке қарай, қыздарды әйелдікке алып, оны үйдің жұмысы былай тұрсын, құрылыс жұмыстарына да араластырады. Қол көтереді. Қор басшысы Нина Балабаеваның айтуынша, әйелдерін достарына сатпақ болған немесе Сирия секілді соғыс өрті өршіп тұрған жерлерге жыныстық құлдыққа жіберетін жағдайлар жиілеген.

Өз күйеуін пышақтап өлтірген әйелдің де оқиғасын айтып берді. Тұрмыс құрған әйел үйінде кірпіш тасу, сылақ секілді ауыр жұмыстарды жасаған. Ал бірдеңені дұрыс жасамаса күйеуі оны ұрған. Әйелінің жұмысы көңілінен шықпаса жұдырығын ала жүгірген. Осындай ұрыс керістің бірінде әйел шыдамай күйеуін пышақпен ұрған. Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар