Жарияланды: 860

Қазақстандық фирмалар Лондонда өтіп жатқан WTM-2003 атты бүкіләлемдік туристік биржаға қатысуда

Қазақстандық фирмалар 10-13-қараша аралығында Лондонда өтетін WTM-2003 атты бүкіләлемдік туристік биржаға қатысуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінен хабарлады.

Қазақстандық өкілдерді ҚР туризм және спорт жөннідегі Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Бахытбек Тәжібай басқарып, өкілдер құрамына қалалық және облыстық әкімшіліктердің, сондай-ақ, еліміздегі ірі туристік фирмалар мен агенттіктердің өкілдері қамтылды. Қазақстандықтар Ұлыбританиялық және Еуропалық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізеді. Көрме аясында Қазақстанның туристік әлеуеті туралы қабылдау- тұсаукесер шарасын өткізу жоспарланған. Оған Ұлыбританиялық компаниялар мен агенттіктердің өкілдері, Еуропалық және Британиялық басылымдардың журналистері қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін