Жарияланды: 790

Қазақстандық ғалымдар жаңа күріш сортын өндірістік сынақтан өткізді

ҚР білім және ғылым министрлігінің өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында жаңа күріш сортын өндірістік сынақтан өткізу жұмысы аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне биоактивті заттар зертханасының аға ғылыми қызметкері Олег Таранов хабарлады.

Сынақтар Қызылорда және Алматы облыстарында өткізілді. "Мәдина " деп аталатын жаңа күріш сорты негізінен оңтүстік аймақтарда өседі. О.Тарановтың айтуынша, ғалымдар күріштің бұл сортын солтүстік аймақтарда өсіру мүмкіндігіне қол жеткізді. Ол суыққа және әртүрлі вирусты ауруларға төзімділігімен ерекшеленеді. Сортты сондай-ақ, механикалық тәсілмен жинап алуға болады. О.Тарановтың айтуынша, жаңа сортқа Венгрия, Румыния, Франция және АҚШ елдерінің ғалымдары мен өнеркәсіпшілері қызығушылық танытқан. Қазір зертхана қызметкерлері күріштің жаңа сортын шығарып алғандығы туралы патентті рәсімдей бастады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін