Жарияланды: 490

Қазақстандық өнеркәсіпшілер жеңілдіктер сұрауды доғарып, негізі қаланған құқықтық кеңістікте жұмыс істеуі қажет - ҚР үкімет басшысы

Қазақстандық өнеркәсіпшілер жеңілдіктер сұрауды доғарып, негізі қаланған құқықтық кеңістікте жұмыс істеуі қажет - ҚР үкімет басшысы

"Қазақстандық өнеркәсіпшілер жеңілдіктер сұрап алақан жаюды доғарып, мемлекетімізде негізі қаланған құқықтық-нормативтік кеңістікте жұмыс істеуі қажет". Бүгін, 17-ақпанда Астанада ҚР индустрия және сауда министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеген үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай мәлімдеме жасады.

Д.Ахметовтың пікірінше, "өнеркәсіп саласы кәсіпорындарының мүддесіне белсенді лобби жасау мемлекеттің техникалық және технологиялық тұрғыда артта қалуына, консервацияланып оқшаулануына апарып соғады", "соны біле тұра мұндай қадамға үкімет бара алмайды". Үкімет басшысы Қазақстанда "өнеркәсіптік кластерлер құру" қажеттігіне "кәміл сенім білдірді". "Кейбір дамыған елдердің экономикасы дәл осы кластерлік дамуымен ерекшеленіп отырғаны белгілі",- деді ол. "Елімізде тиімді кластерлер құруға негіз болатын басты салалар- мұнай химиясы саласындағы, мұнай және газ өңдеу, бірқатар түсті металл түрлерін өңдеу саласындағы кластерлерді дамыту болмақ",- деді үкімет басшысы. "Қазақстанда құрылған даму институттары осы мақсатпен елімізде өнеркәсіптік кластерлер құруға бағытталған жобаларға атсалысуы тиіс",- деді Д.Ахметов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін