Қазақстандық оқушылар әлемдік футболды бағындыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық оқушылар әлемдік футболды бағындыруда

Қазақстандық оқушылар әлемдік футболды бағындыруда

«Coca-Cola Былғары Доп» турнирінің жеңімпаздары Оңтүстік Африка республикасындағы кішігірім әлем чемпионатына жол тартты. Ал «Turk Sport Campus» спорт кешенінде өздерінің ойын өрнегін көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алу үшін еліміздегі бес мың бес жүз мектептің ұжымы тартысқа түскен. Жүздің ішінен жүйрік шыққан Жамбыл облысы, Мерке ауылының командасы отандық турнирда жеңіске жетіп, енді ел намысын шетелде қорғайтын болады.

  • 10 Қыркүйек 2013
  • 275
Фото - Caravan.kz

Пас, гол, офсайд! Жасыл алаңда кәсіби аяқбопшылар болмағанымен, «Coca-Cola Былғары Доп» турниріндегі тартыс әлем чемпионатынан кем түспейді. Еліміздегі 350 мың жеткіншек биыл қарсылас қақпасына гол салып, өз командасын жеңіске жетелеуге әрекет жасады. Бірақ 5500 мектептің ішінен әдісі мен айласы артық болған Жамбыл облысы, Мерке ауылының жас футболшылары үздік атанған.

Серік Қойшыбаев:

Біз тек қана алға талпынамыз және ұтуға дайынбыз. Мен өз командама сенемін. Біздің ұтатынымызға сенімдімін.

Елімізде жеңіс тойын тойлаған жеткіншектер енді Алматы әуежайынан Оңтүстік Африка республикасының Претория қаласына жол тартты. Қара құрлықта олар «Сора Coca-Cola» деп аталатын футболдан кішігірім әлем чемпионатына қатыспақ. Дәл сол жерде 60 мемлекеттің аяқдопшылары кім мықтыны анықтайтын болады.


Фархат Сейітов, «Coca-Cola Былғары доп» жобасының үйлестірушісі:

— Турнир кәсіби футболшыларды дайындайтын жақсы жолдардың бірі. Себебі осы жерде кішкентай кезінен бастап балалар шеберліктерін шыңдай алады. Ал жарыстардың жиі болуы олардың қызығушылығын арттырып, талпынуына әсер етеді.

2006 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Coca-Cola Былғары Доп»турнирі бірқатар спортшылардың алғашқы сатысы болды. Олардың бірі – Сергей Хижниченко. «Шахтердің» сұрмергені тұңғыш рет ұйымдастырылған бәсекеде жеңіске жеткен команда құрамында өнер көрсеткен. Ал Оңтүстік Африка еліне жол тартқан меркелік команда алдағы 8 күнде намысты қолдан жібермей, кубокты Қазақстанға алып келу үшін барып салмақ.