Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты


Оқушыларымыз Женевада робототехникадан өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетіп, рекорд орнатты, деп хабарлады оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

  • 18 Қазан 2022
  • 28
Фото - Caravan.kz

«Балалармен телефон арқылы байланысып, жеңіспен құттықтадым. Олар 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ең көп ұпай жинады. Бұл робототехника чемпионаты — әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Жеңіс оқушыларға әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік береді», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еліміздің намысын ұлттық құрама атынан 15 пен 17 жас аралығындағы 5 оқушы қорғады. Олардың барлығы FIRST Global Challenge ұлттық турнирінің жеңімпаздары. Оқушыларымыз 3 күн ішінде 16 ойын өткізіп, ешқайсысынан жеңілмей, ұпай саны бойынша рекорд орнатты. Чемпионаттағы бірінші орыннан бөлек, қазақстандық команда басқа елдердің командаларына көрсеткен «Айрықша қолдауы үшін» Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ роботты жасаудағы тамаша инженерлік шешімдері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды.

«Оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық білімі мен дағдыларын жетілдіруіне мүмкіндіктер жасауды жалғастыра береді. Соңғы 3 жылда елімізде 41 IT-мектеп ашылды. Қазір онда 55 мың бала оқып жатыр. Сондай-ақ білім алушыларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген, олар да цифрлық білімді дамытуға бағытталған», — деп жадзы Аймағамбетов.


Президент білім беру саласындағы цифрландыруға ерекше көңіл бөліп отыр. ІТ-мектептердің ерекшелігі — ІТ-технологиялар саласында мамандану, ерте профильдеу, робототехника мен бағдарламалауды тереңдетіп оқыту, 3D модельдеу. Сондай-ақ жыл сайын IT-мектептер саны көбейе береді.