Жарияланды: 50

Қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасы көрсетілді

Қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасы көрсетілді

 

Ішкі істер министрлігінің өкілдері қазақстандық полицейлердің жаңа нысанды киімінің жобасын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомстводағылар форманың суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. ІІМ мәліметінше, полицейлердің формасы соңғы рет 2005 жылы өзгерген. "Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді. Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар - оның қолайлылығы, тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы. Нысанды киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады", - деді ІІМ өкілдері.

Ведомстводағылар осы форманың жаңа үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуды сұрады.  Еске салайық, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов еліміздегі полицейлердің формасы қалай өзгеретінін айтып берген еді. "(...) Кительді өзгертеміз, әйтпесе ол қазір тым ресми", - деп жауап берген болатын министр.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть