Қазақстандық қажылар мінген ұшақ Жидда-Алматы бағыты бойынша ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық қажылар мінген ұшақ Жидда-Алматы бағыты бойынша ұшты

Қазақстандық қажылар мінген ұшақ Жидда-Алматы бағыты бойынша ұшты

Қазіргі уақытта қазақстандық қажыларды елге тасымалдау жолға қойылды.

  • 6 Қазан 2015
  • 365
Фото - Caravan.kz


Келіссөздер жүргізу нәтижесінде сыйымдылығы 500 адамға жететін үлкен әуе кемесі бүгін (06.10.2015) Жидда-Алматы бағыты бойынша ұшты.

 Қажылардың елге келу жаңа кестесі құрылып, осы кесте бойынша әуе рейстері орындалуда.

Қажылар әуежайда күтіп қалмау үшін ҚМДБ Қажылық миссиясы қызметкерлері оларға алдын ала хабарлап, барлық рейстерге қажылардың уақтылы келуі реттелді. Айта кететін жағдай, қазақстандық қажылардың басым көпшілігі ұшуға тиіс Жидда-Алматы бағыты бойынша жоспарланған рейстер толық орындалды. Қажылардың қалған бөлігі Мәдина қаласындағы халықаралық  әуежайдан елге оралады.  Қажылық миссиясының ұшақ рейстерін уақтылы реттеу жұмыстары Мәдина қаласындағы әуежайда жалғасады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар