Қазақстандық құқық қорғаушылар 2012 жылы 360-тан астам азаптау фактісін тіркеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық құқық қорғаушылар 2012 жылы 360-тан астам азаптау фактісін тіркеді

 2012 жылы Қазақстанда азаптау фактісі бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бейсенбі күні жарияланған «2012 жылы Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты ахуал туралы» баяндамада жазылған.
           Республика президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия баяндамасына сүйенсек, «қазақстандық құқық қорғау ұйымдары 360-тан астам азаптау фактісін тіркеген».
           «2012 жылы азаптау фактісіне қатысты 25 қылмыстық іс қозғалды, оның жетеуі сотқа берілді. Сот орындары ішкі істер органдарының 17 қызметкеріне үкім кесті», - делінген құжатта.
           Прокурорлар түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында 1300-ден астам тексеру жүргізіп, 7500 заң бұзушылықтың бетін ашты.
           Нәтижесінде ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің 1100 лауазымды қызметкері жауапқа тартылды.
           Осыған орай, комиссия азаптаудың алдын алатын ұлттық тәуелсіз тетіктер құруды және сотталушылардың тергеу барысында азаптау туралы шағымдарын қарау тәртібін заңмен белгілеуді ұсынды. Сонымен қатар, комиссия тәуелсіз медициналық сараптама институтын енгізу туралы кеңес берді.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 343
Фото - Caravan.kz

 2012 жылы Қазақстанда азаптау фактісі бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бейсенбі күні жарияланған «2012 жылы Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты ахуал туралы» баяндамада жазылған.

           Республика президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия баяндамасына сүйенсек, «қазақстандық құқық қорғау ұйымдары 360-тан астам азаптау фактісін тіркеген».
           «2012 жылы азаптау фактісіне қатысты 25 қылмыстық іс қозғалды, оның жетеуі сотқа берілді. Сот орындары ішкі істер органдарының 17 қызметкеріне үкім кесті», — делінген құжатта.