Қазақстандық саясаттанушы мен социологтар "Молотов коктейлі.Қазақстандық жастардың анатомиясы" кітабын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық саясаттанушы мен социологтар "Молотов коктейлі.Қазақстандық жастардың анатомиясы" кітабын ұсынды

Қазақстандық саясаттанушы мен социологтар "Молотов коктейлі.Қазақстандық жастардың анатомиясы" кітабын ұсынды

Қазақстандық саясаттанушы мен социологтар тобы дүйсенбіде Алматыда өздерінің ұжымдық еңбегі- "Молотов коктейлі.Қазақстандық жастардың анатомиясы" кітабын ұсынды.

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 745
Фото - Caravan.kz

"Бұл кітапты белгілі бір дәрежеде өткен жылы "Прайм Плазада" болған оқиғадан соң жазуды шештік. Аяқ астынан Қайрат Нұртастың жәй бір концертінде жастардың басым бөлігі агрессия көрсетті".

"Біз мынаны түсінгіміз келді, Құдай сақтасын, бірақ сол агрессияны біреулер өздерінің саяси мүддесі үшін пайдалануға тырысса, оған Қазақстанда әлеуметтік база бар ма, жоқ па", деді кітап авторларының бірі саясаттанушы Досым Сәтпаев кітаптың тұсау кесер рәсімі кезінде.

Кітап авторлары Андрей Чеботарев, Расул Жұмалы, Айман Жүсіпова, Есенжол Алияров, Толғанай Үмбеталиева, Досым Сәтпаев, Нуриддин Сұлтанмұратов, Әлия Мусина және басқалары.

Д.Сәтпаевтың ойынша, бұл кітап саяси шешім қабылдайтындар үшін пайдалы болмақ.


"Кітап әлуетті қауіп тұрғысынан алғанда шенеуніктердің назарын осы мәселеге аударуға есептелген. Яғни қоғамға, мемлекетке жастардың белгілі бір тобы тарапынан келер қауіп жайында. Біз кітапта басты акцентті сол жастарға жасадық", деді ол.

Кітап сатудан түскен қаржы "Қайырымдылық" ерікті қоғамына балаларды емдеуге аударылады.