Қазақстандық шекарашылар Бішкек-Новокузнецк бағытындағы отарбаның екі әйел жолаушысынан 3,2 килограмм героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Бішкек-Новокузнецк бағытындағы отарбаның екі әйел жолаушысынан 3,2 килограмм героин тәркіледі

Қазақстандық шекарашылар Бішкек-Новокузнецк бағытындағы отарбаның екі әйел жолаушысынан 3,2 килограмм героин тәркіледі

АЛМАТЫ. 1-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар бүгін таңертең Бішкек-Новокузнецк бағытындағы отарбаның екі әйел жолаушысынан 3,2 килограмм героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 1 Қараша 2006
  • 385
Фото - Caravan.kz

«№14 поездың вагондарындағы жүктерді тексерген кезде Тараз шекара отрядының жасағы түрлі купелерде келе жатқан екі әйелден героин тауып тәркіледі». Әйелдер есірткіні қос түбі бар сөмкеге жасырыпты. Героиннің жалпы салмағы 3 килограмм 248 грамм.

Қырғызстан азаматшалары болып табылатын екі әйел есірткі контрабандасы үшін ұсталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті