Қазақстандық шекарашылар дизельдік отын мен ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар дизельдік  отын мен ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар дизельдік отын мен ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстандық шекарашылар Қырғызстаннан әкеле жатқан дизель отыны мен Қазақстан Республикасынан ірі көлемдегі валютаны заңсыз алып шығуға жасалған контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Қыркүйек 2007
  • 491
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «Сыпатай батыр» күзетінің шекарашылары мемлекеттік шекара сызығына жақын жерден жүк көлігімен шекара аспақ болған Қырғызстандық әйелді ұстаған. «Шекара бұзушы Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына 4,4 тонна дизель отынын алып өтпек болған»,- деп түсіндірді баспасөз қызметінедегілер.

Сонымен қатар, шекарашылардың мәліметтеріне сүйенсек, «Қордай» өткізу бөлімінде көлігін тексеру барысында Қазақстан азаматы ұсталған. «Ұсталған азамат Қырғызстанға кетіп бара жатқан «БМВ» көлігінің ішінен декларацияда көрсетілмеген 150 мың АҚШ доллар көлеміндегі қаржы табылған», деп қосты баспасөз қызметіндегілер.