Қазақстандық шекарашылар ірі көлемде валютаны заңсыз алып шықпақ болған Өзбекстандық әйелді ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар ірі көлемде валютаны заңсыз  алып шықпақ болған Өзбекстандық әйелді ұстады

Қазақстандық шекарашылар ірі көлемде валютаны заңсыз алып шықпақ болған Өзбекстандық әйелді ұстады

АСТАНА. 24 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар ірі көлемде валютаны заңсыз алып шықпақ болған Өзбекстандық әйелді ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 24 Шiлде 2007
  • 342
Фото - Caravan.kz

«Шұғыл мәліметке сәйкес, «Сарыағаш» шекаралық өткелі маңында Қазақстаннан шекаралық бекетті айналып өтіп Өзбекстанға бет алған әйел ұсталды», — деп хабарлайды баспасөз орталығындағылар.

Шекарашылардың ақпаратына сәйкес, тексеру барысында одан басқа адамдарға тиесілі үш төлқұжат пен $34 мың және 160 мың теңге көлеміндегі контрабандалық ақша табылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті