Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2-қыркүйекте «Атакент» күзет аумағында контрабандалық жүк өткізбек болған үш деректің жолы кесілген. Атап айтқанда, «шекара сызығынан он метр жерде 4 тонна картоп тиелген екі «ГАЗель» көлігімен Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған екі елдің азаматтары ұсталды»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, шекарашылар бір тоннадан астам жеміс-жидек пен көкөніс артқан «МАН» көлігін ұстаған. «Осы күні сондай-ақ Өзбекстаннан біздің елімізге 3 тоннадан астам жеміс-жидек пен көкөністер алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.