Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараздағы «Жасыл-төбе» заставасының шекарашылары шекара сызығынан 100 метр жерде Қазақстан және Қырғызстан азаматтарын ұстады. «Ұсталғандар 13 тонна АИ-80 маркалы жанармай тиелген екі «ЗИЛ-131″ көлігімен Қазақстаннан Қырғызстанға бет алған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Шекарашылардың мәліметінше, іс пен жүк «Қордай» кеден бекетінің қызметкерлеріне өткерілді.