Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Мерке темір жол» өткізу бекетінде Бішкек-Мәскеу бағытындағы поезды тексеру барысында шекарашылар 20 мың АҚШ доллары көлемінде декларацияда көрсетілмеген валютасы бар ресейлік әйелді ұстады. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде.
Сонымен бірге Қостанай облысында Қарталы-Тобол бағытында қатынайтын №6528 электр поезды тексеру барысында Ркскей азаматы ұсталды. «Тексеру кезінде оның күртешесінің ішінен шекарашылар МР654К маркалы пневматикалық тапанша тауып тәркіледі»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Іс «Тобол» кеден бекетінің қызметкерлеріне табысталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті