Қазақстандық шекарашылар Ресей азаматы мен үш Қырғызстан азаматын аса ірі героин партиясымен ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Ресей азаматы мен үш Қырғызстан азаматын аса ірі  героин партиясымен ұстады

Қазақстандық шекарашылар Ресей азаматы мен үш Қырғызстан азаматын аса ірі героин партиясымен ұстады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 17 тамыз. АСТАНА. Қазақстандық шекарашылар Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында Ресей азаматы мен үш Қырғызстан азаматын аса ірі героин партиясымен ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне хабарлады.

  • 17 Тамыз 2007
  • 358
Фото - Caravan.kz

«Павлодар облысындағы «Қосақ-авто» өткізу бекетінде кеше 20 сағат 30 минут шамасында «Фольксваген Пассат» автокөлігін тексеру барысында есіктің ішкі қаптамасының ішінен шекарашылар ақ түсті ұнтақ зат салынған алты полиэтилен дорба тапты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Шекарашылардың ақпаратына сәйкес, сараптама нәтижесі бұл заттың жалпы салмағы 6 кг болатын героин екенін көрсетті.

«Осы дерек бойынша Ресейдің бір азаматы мен Қырғызстанның үш азаматы ұсталды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті