Қазақстандық шекарашылар валюта контрабандасына қатысты екі оқиғаны тіркеді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар валюта контрабандасына қатысты екі оқиғаны тіркеді

Қазақстандық шекарашылар валюта контрабандасына қатысты екі оқиғаны тіркеді

АСТАНА. 14 наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар жалпы сомасы 335 мың ресей рублін заңсыз алып өтпек болған екі деректі тіркеді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

  • 14 Наурыз 2007
  • 497
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым авто» шекара бақылау бөлімінде жеңіл автокөлікті тексеру барысында ҚР азаматы қолға түсті. Ол Қазақстаннан Ресейге автокөлікпен бет алған. Көліктің салонынан шекара отряды декларацияда көрсетілмеген 235 мың ресей рублін тауып алды. Сондай ақ, баспасөз қызметінің деректері бойынша, Павлодар облысы «Өрлітөбе авто» бекетінде Қазақстан азаматынан декларацияда көрсетілмеген 100 мың Ресей рублі тәркіленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті