Жарияланды: 400

Қазақстандық шекарашылар валюта контрабандасына жасалған екі әрекеттің жолын кесті

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар валюта контрабандасына жасалған екі әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Қорғас" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы жексенбі күні жеңіл көлікпен Қытайға бет алған Қазақстан азаматын қолға түсірген. Ол Қытайға 17800 АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған. Сондай-ақ, сенбі күні "Сырым авто" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары жеңіл көлікпен Ресейге бет алған Қырғызстан азаматын ұстады. Одан тексеру кезінде декларацияда көрсетілмеген 135 мың рубль табылды. Қазір бұл деректер бойынша тексеру жүргізілуде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін