«»Қайрақ-авто» шекаралық өткізу бекетінің шекарашылары Қазақстаннан Ресейге «Тойота» автокөлігімен өтпек болған Ресей азаматын ұстады», -деп хабарлаған баспасөз қызметінің нақтылауынша, азаматты ұстауға оның декларацияда көрсетілмеген 490 700 АҚШ доллларын алып өтуге жасаған әрекеті себеп болған.
Сонымен бірге, шекарашылардың ақпаратына сәйкес, «Қордай» өткізу бекетінде «Ауди-100» автокөлігімен Қырғызстанға бет алған Қазақстанның екі азаматы ұсталды. «Көлікті тексеру барысында шекарашылар декларацияда көрсетілмеген 4 млн 650 мың теңгені тапты», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, жалпы өткен аптада шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзған 216 адамды ұстап, контрабандалық жүк алып өтуге жасалған 37 деректің жолын кесті.