Қазақстандық спортшылар Олимпадалық қалашықтың қақ ортасына жайғасты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық спортшылар Олимпадалық қалашықтың қақ ортасына жайғасты

Қазақстандық спортшылар Олимпадалық қалашықтың қақ ортасына жайғасты

Бүгінгі екінші сапарымыз Олимпиадалық қалашық болды. Біздің спортшылар осы орталықтың қақ ортасына жайғасыпты.

  • 3 Тамыз 2016
  • 404
Фото - Caravan.kz

Қалашыққа бас сұққан адамның көзіне бірден біздің спортшылар жайғасқан үй түседі. Бұл маңда да жөндеу жұмыстары әлі аяқтала қоймапты. Соған қарамастан спортшылар көңілді. Әркім өз шаруасымен әуре.

Біз мұнда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовпен кездесіп, көкейімізге түйген сұрақтарға жауап алдық.

Бірге суретке түсіп, емен-жарқын сырластық.

Әңгіме барысында спортшылар өте көңілді екенін, барлық жағынан жағдайдың жасалып жатқанын баса айтты.

«Спортшылар бірінен кейін бірі келіп осында жайғасты. Барлығының көңіл-күйі жақсы. Күнде бас бапкерлермен жиналыс өткізіп, дайындықтың қалай болып жатқанынан есеп алып отырмыз. Бапкерлер спортшыларға, ал біз бапкерлерге разы болып жатырмыз. Өзім де спортшылармен кездесіп жатырмын. Енді осы әзірліктен босаңсымай жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз», — деп атап өтті Қанағатов.

Сондай-ақ, спортшылармен жалпы саны 11 дәрігер мен психолог жұмыс жасап жатқанын да тілге тиек етті.


«Спортшылар барлық жағынан дайын болуы керек. Сол үшін арнайы 11 адамнан құралған дәрігер мен психолог жұмыс жасап жатыр. Тамақтану жағын да қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Олимпиада мен жаттығуды ойлап, кейбір спортшылар уақытында дұрыс тамақтанбай жатады. Ол дұрыс емес. Сондықтан барлық жағын осы дәрігерлер мен психологтар бақылап, қай кезде қалай жұмыс жасау керектігін бақылап отыр», — деді Елсияр Қанатағатов.

Бұдан әрі ол тілшілерге жазатын жағымды жаңалықтардың көп болуына тілектестік білдіріп, бірге суретке түсті және істеріне сәттілік тіледі, деп жазады ҚазАқпарат.

 

Соңғы жаңалықтар