Қазақстандық және Еуропалық бизнесмендер Венгрияда бас қосып өзара ынтымақтастықтың келешегі туралы талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық және Еуропалық бизнесмендер Венгрияда бас қосып өзара ынтымақтастықтың келешегі туралы талқылауда

Қазақстандық және Еуропалық бизнесмендер Венгрияда бас қосып өзара ынтымақтастықтың келешегі туралы талқылауда

Қазақстан Республикасының Венгриядағы елшілігінің қолдауымен Будапешт қаласында "Қазақстан-Еуропа : инвестициялар және сауда-саттық" деген тақырыпта бизнес-форум өткізілуде,- деп хабарлайды инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі "Қазинвест" орталығынан.

  • 6 Қараша 2003
  • 467
Фото - Caravan.kz

Бас қосу қазақстандық және еуропалық іскерлік өкілдерінің экономиканың әр саласында өзара қарым-қатынастар орнатуы үшін ұйымдастырылды. Бұл орайда құрылыс, көлік және коммуникация, фармацевтика және агроөнеркәсіп саласына басымдық беріліп отыр.

Бизнес-форумның бағдарламасына сәйкес онда Қазақстан Республикасының Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі елшісі Сағынбек Тұрсынов, сыртқы істер министрінің орынбасары Вадим Зверьков, көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары Юрий Лавриненко, индустрия және сауда министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Арынов сынды ресми өкілдер баяндама жасайды деп жоспарланған.
Шара барысында сондай-ақ, еліміздің бизнесмендері Венгриялық компанияларды аралап, болашақ әріптестерімен келіссөздер жүргізеді.
Форумға Венгрия, Чехия, Болгария, Румыния, Словакия, Германия, Австрия, Франция және Италиялық кәсіпкерлер қатысуда.