Қазақстандық және германдық экологтар Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасын талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық және германдық экологтар Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасын талқылауда

Қазақстандық және германдық экологтар Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасын талқылауда

Астанада қазақстандық және германдық экологтар Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасының маңыздылығы мен қажеттілігін талқылауда.

  • 28 Маусым 2011
  • 616
Фото - Caravan.kz

Бүгін елордада Табиғатты қорғау және ядролық реакторлардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғаудың Германия Федералды министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері «Жасыл өсу жолындағы» атты 1-ші Қазақстан-Герман экологиялық конференциясында бас қосты.

Қазақстан «Жасыл көпір» бастамасын былтыр Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері министрлерінің 6-шы конференциясында көтеріп, бекіткен болатын. Ол корейлік «Жасыл даму» бастамасының жалғасы болмақ.

Қазақстанның бас экологы Нұрғали Әшімов атап көрсеткендей, бүгінгі күні «Жасыл көпір» аясында Астанада кеңсе ашылды, бастаманың тұжырымдамасы әзірленіп, ол ЭСКАТО елдерінің тарапынан толығымен қолдау тапты. Ал ағымдағы жылы қыркүйек айында «Жасыл көпір» бастамасы Астанада өтетін Еуропа экологтарының конференциясында талқыланатын болады. Сондықтан, Қазақстан Еуропа елдерінің ұстанымдарын бүгіннен біліп, олардың қолдауына ие болуға ұмтылуда. Себебі одан кейін Қазақстан өзінің «Жасыл көпір» бастамасын 2012 жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін «РИО-20» мыңжылдық саммитінде қорғамақ.

Бүгінгі конференция әлем елдерінің «Жасыл көпір» жобасына ұстанымдарын талдауға бағытталған. Қазақстан оны алдымен, Германиядан бастауды жөн көрді. «Германия мемлекеті Еуропадағы қуатты елдердің бірі, әсіресе экология саласында және Геранияның бұл саладағы пікіріне Еуропа елдері құлақ асады. Бүгінгі конференцияға Германияның Қазақстандағы елшілігі және экология министрлігі қатысуда», — деп атап өтті министр.

Н.Әшімовтың сөзіне қарағанда, Қазақстандық бастаманы Жапония, Корей және Қытай секілді бірқатар елдер 100 пайызға қолдап отыр. Бірақ, оны қуаттағанымен толығымен қолдау білдірмей отырған мемлекеттер де бар. Бұл ЭСКАТО-ның өткен конференциясында анық болды. «Мысалға, Үндістанды айтуға болады. Ресей де «Жасыл көпірге» қарсы пікір білдірмегенімен, «Жасыл даму» тұрақты дамуға жетелейді деп біледі. Бізге сондай-ақ Америка құрылығының пікірі маңызды», — дейді ол.

Экология министрінің пікірінше, 2013-ші жылы аяқталатын Киото хаттамасында жете пісіп-жетілмеген тұстар болды. Өмір сүріп отырған ғаламшар бір болғандықтан, мемлекеттердің мүдделері бір мақсат аясында тоғысуы тиіс. Сондықтан, алдағы жылдарға кең ауқымды ықпалдастыққа жол ашатын — «Жасыл көпір» жобасын қабылдау қажет.

Соңғы жаңалықтар