Қазақстандық жүргізушілер сақтандыруға көп ақша жұмсайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жүргізушілер сақтандыруға көп ақша жұмсайтын болды

Қазақстандық жүргізушілер сақтандыруға көп ақша жұмсайтын болды

Сақтандырушылардың айтуынша, қазақстандықтар өздерінің автокөліктеріне мұқият қарай бастаған. Жыл ішінде міндетті сақтандыру көлемі 33%, ерікті сақтандыру 26% өсті.

  • 4 Сәуiр 2018
  • 80
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

2018 жылы автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі былтырмен салыстырғанда 0,7 % төмендеген соң қалпына келді. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында өсім 32,8 % болып, 6 9,6 миллиард теңгені құрады.

Ал, автокөлік иелерінің АҚЖМС бойынша сақтандыру төлемдері керісінше, 2017 жылы 14%, ал 2018 жылы 6,5%-ға дейін 3,9 миллиард теңге азайды.

Автокөліктерді ерікті мүліктік сақтандыру бойынша (КАСКО) жыл сайынғы өсім 25,9%-ды құрап, 2,9 триллион теңге болды (бір жыл бұрын 14,5 % төмендеген). Қаңтар-ақпан айларында сақтандыру төлемдері екінші жыл қатарынан, 2017 жылы 8% , ал 2018 жылы 10,7 %-ды құлдырап, бір триллион теңгеге дейін төмендеді.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында АҚЖМС-қа жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көшін «Коммеск-Өмір» компаниясы бастады: 1,3 млрд теңгеден астам, жыл ішіндегі өсім — 3,7 есе құрады. Компанияның нарықтағы үлесі 5,1-ден 14,1% өсті. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 317,7 млн теңгені құрады.

Екінші орында 1,3 млрд теңгемен «Евразия» компаниясы. Оның бір жылдағы кіріс 2,1 есе өсті, ал үлесі 8,6% -дан 13,8%-ға артты. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 508,7 млн теңгені құрады.


Сақтандырушылар арасында үшінші орында «Номад Иншуранс» компаниясы тұр. Ол 1,2 млрд теңге көлемінде сыйақы көлемін иеленді, жыл ішінде олар 48,6% өсті. Қазіргі уақытта «Номад Иншуранс» нарықтың 12,4 %-нда жұмыс істейді, бұрынғы көрсеткіші 11,1%-ды құрады. Бұл компания автокөлік иелеріне 283,9 млн теңге төледі.

Оқи отырыңыз:

Айгүл Иманбаева: Ұлым әкесін үлгі тұтады

Қостанай облысында құдықтан сәбидің мәйіті табылды