Жарияланды: 50

Қостанай облысында құдықтан сәбидің мәйіті табылды

Қостанай облысында құдықтан сәбидің мәйіті табылды

Қостанай облысының Қарабалық ауданында әскери қызметкер құдықтан шақалақтың денесі тапты.

Аталған фактіні ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ҰҚК 2031 шекара бөлімі командирінің орынбасары Рахмедин Уәжитов растады.

Оқиға 3 сәуір күні Қарабалық ауданының Кеңарал ауылында болған.

«Кеше сағат 19:00-дер шамасында шекара қызметкері құдықтан су алмақ болғанда шақалақты көрген. Ол бастапқыда қуыршақ деп ойлаған. Кейін анықталғандай, бұл нәрестенің денесі болып шықты. Оқиға орнына жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкелері келді», - деді Р.Уәжитов агенттік тілшісіне.

Облыстық ІІД бұл факті бойынша мәлімдеме жасаған жоқ.

Ұқсас тақырыптар:

Сарыағашта жоғалып кеткен 7 жасар қыздың мәйіті судан табылды

ОҚО-да 1,5 ай бұрын суға ағып кеткен баланың денесі енді табылды

Астанада өртенген ғимараттан әйел адам мен баланың мәйіттері табылды

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін