Қазақстандықтар Интернетті қандай мақсатта пайдаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Интернетті қандай мақсатта пайдаланады

Қазақстандықтар Интернетті қандай мақсатта пайдаланады

Күні  кеше Kantar TNS зерттеу агенттігі қазақстандық Интернет пайдаланушылардың мінез-құлқына жүргізілген зерттеулерді жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 25 Қазан 2017
  • 206
Фото - Caravan.kz

Зерттеу нәтижесі 16 жастан асқан қазақстандықтардың Интернетті пайдаланудағы мінез-құлқы жайында түсінік қалыпастыруға септігін тигізеді. Google компаниясының тапсырысы бойынша әлемнің 60-тан астам елімен қатар Қазақстанда да жүргізілген зерттеуден ел азаматтарының ғаламторға не үшін кіретіндігін, бұл ретте қандай құрылғыларды жиі пайдаланатындығын білуге болады.

Сонымен, зерттеу нәтижесінде қазақстандықтардың 74 пайызы Интернетті жеке мақсатта пайдаланатындығы анықталды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұл жаһандық деңгейден 8 пайызға төмен. Ең белсенді қолданушылар 25-34 жаста. Бұл санаттағылар еліміздің интернет қолданушыларының 30 пайызын құрайды. Ал 35-40 жастағылардың көрсеткіші — 20 пайыз.  Елімізде ерлер де, әйелдер де Интернетті белсенді қолданады. Гендерлік тұрғыда бұл көрсеткіш сәйкесінше 47 және 53 пайыз. Бір қазақстандыққа Интернетке қосылған 1,7 құрылғыдан келеді. Орташа статистикалық қазақстандық пайдаланатын үш негізгі девайстар мыналар: смартфон (64 пайыз), ноутбук (26), смарт-теледидар (10). Қазақстандықтар девайстарды пайдалануда да көш ілгері. Олардың арсеналында Интернетке қосылатын нетбук пен планшеттер, электронды кітаптар, смарт-сағаттар мен трекерлер бар.

2017 жылы 16 жастан асқан қазақстандықтардың 58 пайызы компьютер мен смартфондарды қолдана отырып Интернеттен видеолар көрген. Қазақстандықтардың Интернеттегі мінез-құлқы да жаһандық үрдіспен сай келеді.  Мәселен, қазақстандық онлайн-пайдаланушылардың 72 пайызы бірінші кезекте көңілдерін көтереді, 75 пайызы қажетті ақпараттарды іздейді екен. Айта кетерлігі, бұл зерттеулер елімізде 2017 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында жүргізілген.


 

Соңғы жаңалықтар