Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Республикасынан шетелге аударылған ақшалардың 40%-ы Ресей Федерациясына жіберілген. Дәлірек айтсақ – 14,5 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,6% көп. 2017 жылдың қаңтар айында Ресейге жіберілген ақшаның үлесі — 46,6%.
Ал Қытайға 5,3 млрд теңге жіберілген. Ақша көп аударылған үшінші мемлекет – Қырғызстан. Аталған мемлекетке қазақстандықтар 3,9 млрд теңге жіберген. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,3 есе өсті. Үлесі 7,1%-дан 10,9%-ға жетіп отыр.
Көпшілік ақша аудару үшін «Золотая Корона» жүйесін пайдаланған. Аталған жүйенің көмегімен аударылған ақша көлемі – 19,3 млрд теңге. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 91,3% өсті. Ал ҚР-дағы үлесі 42%-дан 54,1%-ға өсті.
Екінші орында Western Union жүйесі – 7,6 млрд теңге. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш — 85,6% өсіп отыр. Жүйенің үлесі 17%-дан 21,3%-ға өсті.
Үштікті «Юнистрим» жүйесі бекітті – 3,1 млрд теңге. Бір жыл ішінде көрсеткіш 9,5% өсті. ҚР-дан үлесі 11,9%-дан 8,8%-ға артты.
Оқи отырыңыз:
Аружан Саин баланың анасының өтініші бойынша, сараптамаға шетелдік мамандарға жүгінбекші
Тоқал алу ерлік — Ринат Зайытов