Тоқал алу ерлік - Ринат Зайытов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқал алу ерлік - Ринат Зайытов

Тоқал алу ерлік - Ринат Зайытов

Танымал айтыскер-ақын Ринат Зайытов қазіргі уақытта «сәнге» айналған тоқал мәселесі туралы көзқарасын айтып берді. Оның айтуынша, тоқалды бірінші әйелімен ажыраспай алса, ол ерлік көрінеді.

  • 26 Наурыз 2018
  • 628
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ақын «Сөккен әңгіме» бағдарламасында айтты.

«Тоқалды бірінші әйелімен ажыраспай алса, ол ерлік деп ойлаймын. Жасырмай айту – ерлік. Иә, 70 жылдың кеңес үкіметі кезіндегі төңкеріс санамызға тоқалдықты қылмыс қылып көрсететін дәрежеге әкеп қойды. Ал әйел адамның ажырасуы – қасірет», – дейді айтыскер.

Сондай-ақ, Зайытов кез-келген өнер адамы өзінің теріс әрекетінен ұлтына зиян келмеуін ойлауы тиіс екенін айтты.

«Мұндай адамдарды насихаттауды доғару керек. Анау мен мынау үйленіпті деген сынды… Өйткені оған білдей бір буын, ұрпақ қарап отыр. Кез-келген өнер адамы өзінің істеген жаманшылығынан ұлтына зиян келмейтіндей әрекет жасауы керек», – дейді айтыскер Ринат Зайытов.

Оқи отырыңыз:

Депутат: бірінші әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркектер сотталуы керек

Тоқал атанған ақын Құрманай Бақтиярқызы 12 жас кіші жігітке ұл туып берген

Қазір тоқал алу мәселесі өте үлкен проблема — секс әңгіме арқылы танылған атышулы дінтанушы

Соңғы жаңалықтар