Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша, сенбі мен жексенбі күндерін санамағанда қазақстандықтар 6 шілдеде демалады: бұл күні елорда күні атап өтіледі. Мереке дүйсенбіге түскендіктен қазақстандықтар биыл үш күн қатарынан демалатын болды.
Сондай-ақ, қазақстандықтар шілденің соңында тағы бір күн демалады — Құрбан айт мейрамы. Ол күн жұмаға түскендіктен қазақстандықтар тағы да үш күн қатарынан демалады.