Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Биыл шілде айында 20 жұмыс күні мен 11 демалыс күні бар.

  • 22 Маусым 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар әдеттегі сенбі мен жексенбіден бөлек 6 шілдеде демалады: бұл күні Астана күні атап өтіледі. Биыл мереке сейсенбіге түсті, бұл қосымша бір демалыс күнін береді, бірақ үкімет үш күн қатарынан демалу үшін жұмыс күнін 5 шілдеден сенбіге, 3 шілдеге ауыстырды.

Осылайша:

  • бес күн
     жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде — жұмыс күні, демалыс күндері 4, 5, 6 шілде;
  • алты күн жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде — жұмыс күні, 4 — демалыс, 5 — жұмыс күні және 6 шілде — демалыс.

Сонымен қатар, шілдеде Құрбан айт мерекесі атап өтіледі, ол 2021 жылы 20 шілде, сейсенбіге келіп тұр. Демек, 20 шілде — демалыс (бес күндік және алты күндік жұмыс апталары үшін).

Соңғы жаңалықтар