Яғни, барлық аймақ 29, 30 және 31 тамызда демалады. Биыл Қазақстан Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өткелі отыр. Сондықтан әр облыс, аудан, ауылдарда мәдени шаралар ұйымдастырылып, салтанатты жиындар өтеді. Сондай-ақ, бұл дата Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Айта кетейік еліміздің Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумда қабылданған еді. Құжат кіріспе және 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.