«Егер қазақстандықтар атсалыспаса , бізде ешқандай қаржы орталығы құрылмайды. Бұл рас»,-деп атап өтті президент. «Қазақстандықтарда қомақты қаражат барын білемін. Біздің банктердің капиталы Қазақстанның ІЖӨ 70% жетті. Бір ғана зейнетақы қорларында шамамен 7млрд $ бар, біздің жоспарлауымызша , $10-12млрд қазақстандықтардың қолында. Оларды айналымға жіберу керек», деп мәлімдеді елбасы. «Бұл дұрыс қадам және біз оған халықты үйретуіміз керек»,-деп атап өтті ол.
«Әлемде қаржы қоры деген-ол ұстаным, ол — принцип және азаматтардың өз мемлекеттерінде жекеменшікке ие болуы. Қазір халықты оқыту керек, және қазақстандықтар биржадағы ойын мен ондағы жұмыстың қазақстандықтарды байытудың жолы , қазақстандықтардың игілігі екенін түсінуі керек»,-деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті