Қазақстандықтардың зейнетақыға деп жиған ақшалары тағы да банктер мен бизнесмендерге берілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың зейнетақыға деп жиған ақшалары тағы да банктер мен бизнесмендерге берілетін болды

Қазақстандықтардың зейнетақыға деп жиған ақшалары тағы да банктер мен бизнесмендерге берілетін болды

Қазақстанда 2018 жылы облигациялық бағдарламаны іске қосу жоспарлануда деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

  • 4 Мамыр 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

«2018 жылы іске қосуды жоспарлап отырған облигациялық бағдарлама бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты банктер мен корпоративтік қазақстандық эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялауды көздейді. Бағдарлама БЖЗҚ-нан 200 млрд теңгеге дейін қаражат алуды көздеп отыр», – деді Ақышев парламенттік тыңдауда.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты барынша қорғалатынына сендірді.

Ақышевтың сөзінше, қаржыландыру бес жыл мерзімге банктік облигацияларды сатып алу арқылы нарықтық шарттармен қамтамасыз етіледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысын қорғау үшін, БЖЗҚ осы облигацияларға әр облигациялар шығарылымының көлемінен 50%-дан аспайтын көлемде инвестицияланады деп болжануда.

«Яғни, БЖЗҚ ақшасын алмас бұрын, банк нарықтан қаржы өндіре алатындығын нақты көрсетіп, дәлелдеуі керек. Ал қалған облигацияларды БЖЗҚ сатып ала алады», – деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, бұл банктің эмитент тәуекелдігіне байланысты. Себебі банктің эмитент қаупін БЖЗҚ ғана емес, сонымен қатар нарықтың басқа қатысушылары да көтеруі керек.


Оқи отырыңыз:

Айыратын шығармын: Замира тіпті тойда да өзін қалай ұстауды білмейді екен

Ақтөбеде жүргізуші екі адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті

Қызылордада Лениннің орнына Батырхан Шүкеновтің ескерткіші қойылмақ

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар