Ақтөбеде жүргізуші екі адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті
![]() |
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына куәгерлерді іздестілуде. Оқиға Матросов көшесінде болған. |
Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның хабарлауынша, 3 мамыр күні сағат шамамен 02:15-те күміс түсті «Audi-100» маркалы көліктің белгісіз жүргізушісі Матросов көшесі бойымен жүріп бара жатып, Ахтанов көшесімен қиылысқан жерде орналасқан «Сая» қонақүйінің маңында екі адамды қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 1990 жылы туған адам ауыр дене жарақатын алған. Көлік жүргізушісі дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің орнына, полиция қызметкерлеріне хабарласпастан, оқиға орнынан жасырынып қалған.
Оқи отырыңыз:
Қызылордада Лениннің орнына Батырхан Шүкеновтің ескерткіші қойылмақ
Астанада мүгедек балалар мен олардың ата-анасы қоғамдық көлікте тегін жүреді
Георгий лентасы мектептерді тағы да шулатып жатыр
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін