Қазақстанға 8 наурызға арналған гүлдер арнаулы рейспен жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға 8 наурызға арналған гүлдер арнаулы рейспен жеткізілді

Қазақстанға 8 наурызға арналған гүлдер арнаулы рейспен жеткізілді

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -8 наурыз қарсаңында Қазақстандық әйелдерге арналған гүлдер арнаулы рейспен Германия мен Эквадордан жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Қарағанды әуежайына 34 тоннаға жуық жүк тиелген ұшақ кеше келіп қонды. Жүктің басым бөлігін Германиядан әкелінген раушангүлдер мен лалагүлдер, және басқа да гүлдер құраса, үш тоннадан астамы - Эквадор раушангүлдері. Кеденшілердің ақпаратына сәйкес, жүк шамамен 300 мың евроға бағаланды. Тапсырыс беруші - Астанадағы компаниялардың бірі, ол еліміздің барлық өңірлерін гүлдермен қамтамасыз етеді. Қораптарға салынған гүлдер Қарағандыдан Астанаға автокөлікпен жеткізілді. Мұндай партияны тасымалдау үшін алты алып жүк көлігі қажет болды. Сондай-ақ, агенттік тілшісінің хабарлауынша, арнайы қарағандылық қыз-келіншектер үшін тағы бір рейспен Майндағы Франкфурттан голландия раушангүлдері, мимозлары, бақытгүлдері (хризантема), берграссалары мен қырыққұлақ (папоротник) партиясы жеткізілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

  • 6 Наурыз 2008
  • 1479
Фото - Caravan.kz

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -8 наурыз қарсаңында Қазақстандық әйелдерге арналған гүлдер арнаулы рейспен Германия мен Эквадордан жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Қарағанды әуежайына 34 тоннаға жуық жүк тиелген ұшақ кеше келіп қонды. Жүктің басым бөлігін Германиядан әкелінген раушангүлдер мен лалагүлдер, және басқа да гүлдер құраса, үш тоннадан астамы — Эквадор раушангүлдері. Кеденшілердің ақпаратына сәйкес, жүк шамамен 300 мың евроға бағаланды. Тапсырыс беруші — Астанадағы компаниялардың бірі, ол еліміздің барлық өңірлерін гүлдермен қамтамасыз етеді. Қораптарға салынған гүлдер Қарағандыдан Астанаға автокөлікпен жеткізілді. Мұндай партияны тасымалдау үшін алты алып жүк көлігі қажет болды. Сондай-ақ, агенттік тілшісінің хабарлауынша, арнайы қарағандылық қыз-келіншектер үшін тағы бір рейспен Майндағы Франкфурттан голландия раушангүлдері, мимозлары, бақытгүлдері (хризантема), берграссалары мен қырыққұлақ (папоротник) партиясы жеткізілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті


Соңғы жаңалықтар