Ілияс Омаровтың айтуынша, жұмыс сапары 12-13-ші наурызға межеленген.
«Ел басшылығымен кездесулер барысында Қазақстан Республикасы мен Еуроодақтың ынтымақтастығының болашағы, Еуропалық одақтың Орта Азия елдеріне қатысты келешек стратегиясының жобасы, сонымен қатар Астанада 28-наурызда өтетін төртінші «ЕО үштігі — Орта Азия елдері» отырысына дайындық мәселелері талқыланады»,- деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті