Қазақстанға келген ресейліктер қай салаларда жұмыс істеп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға келген ресейліктер қай салаларда жұмыс істеп жүр

Қазақстанға келген ресейліктер қай салаларда жұмыс істеп жүр


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

  • 11 Қазан 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда 22,5 мың ресейлік жұмыс істейді, зейнетақы жарнасын төлеп жүр.

"Соның ішінде жыл басынан бері 8 мыңға жуық ресейлік жұмысқа тұрды. Қандай салаларда дейсіз ғой, 72%-і, негізінен, қызмет көрсету, 16%-і – өнеркәсіпте, 9%-і – құрылыста, 2%-і ауыл шаруашылығында істейді", — деді Дүйсенова үкімет отырысында.

Негізгі мамандықтар – клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлер, бухгалтерлер, сатушылар, сонымен қатар, автокөлік жүргізушілері де бар.