Қазақстанға Швейцария президенті келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға Швейцария президенті келеді

Қазақстанға Швейцария президенті келеді

21-22 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына Швейцария Конфедерациясының президенті – Қаржы министрі Ули Маурер ресми сапармен келеді. 

  • 19 Қараша 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

22 қарашада мемлекеттер басшылары "Ақорда" резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады — делінген хабарламада.

Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелде» сөз сөйлейді деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар