Қазақстанға ұшып келген 2 жолаушыдан КВИ анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға ұшып келген 2 жолаушыдан КВИ анықталды

Қазақстанға ұшып келген 2 жолаушыдан КВИ анықталды

Қазақстанға ұшып келген 2 жолаушыдан КВИ анықталды.

  • 26 Қараша 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Көліктегі санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылғы 25 қарашада Қазақстанға 12 халықаралық әуе рейсі қонды: Египет, Түркия, РФ, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь, Өзбекстан.

1026 жолаушының 921-інде ПТР-тест нәтижесі теріс деген анықтамасы болды. Ал Қазақстанның 105 азаматында анықтама болмады.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайына — 6 рейс, 507 жолаушы, 431 — анықтамамен, 76 — анықтамасыз;

Алматы қаласы әуежайына — 5 рейс, 420 жолаушы, 391 — анықтамамен, 29 — анықтамасыз;

Атырау қаласы әуежайына — 1 рейс, 99 жолаушы, бәрі — анықтамамен.

Қазақстанға тиісті анықтамасыз келген азаматтар карантиндік стационарға орналастырылып, КВИ-ге тест тапсырды. Оның нәтижесі бойынша екі жолаушыда коронавирус анықталды, — делінген хабарламада.