Қазақстаннан Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберілді

Қазақстаннан Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді.

  • 25 Қараша 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, бұл көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және Үкіметтің 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес беріліп отыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық масканы жіберді.

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны — 390 млн теңгеге жуық.


Оның ішінде «Тыныс» АҚ шығарған «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету аппараттарының құны — 328 млн теңге.

«Dolce pharm» ЖШС және «Mega pharm» ЖШС шығарған медициналық бетперде құны — 61 млн теңге.