Қазақстанның 14 өңірінде электр қуатының бағасы өсті - ТМРА - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 14 өңірінде электр қуатының бағасы өсті - ТМРА

Қазақстанның 14 өңірінде электр қуатының бағасы өсті - ТМРА

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің 14 өңірінде электр энергиясының тарифі өзгерді.

  • 15 Қаңтар 2014
  • 369
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

«Өздеріңіз білесіздер, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің 14 өңірінде электр энергиясының тарифі өзгерді. Бұл жоспарлы өзгерту ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысын орындау мақсатында жүргізілді», — деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, тарифтер барлық өңірде шамамен 1 теңге көлемінде жоғарылаған.


«Ақтөбе облысты алып қарасақ, онда электр энергиясының тарифтері 17 тиынға өзгерген. Алматы облысында 1 теңге 05 тиынға өскен», — деді А.Алпысбаев.