Қазақстанның 4 облысында бұршақ жауып, дауыл соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 4 облысында бұршақ жауып, дауыл соғады

Қазақстанның 4 облысында бұршақ жауып, дауыл соғады

7 маусымда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде қатты жаңбыр, кей жерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде екпіні 15-20м/с-тен 25 м/с-ке дейін жетеді, деп жазды Baq.kz

Сонымен қатар, Өскемен қаласында 7 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с де?

  • 6 Маусым 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, Өскемен қаласында 7 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Синоптиктердің болжауынша, Семей қаласында 07 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Сондай-ақ, 7 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында 7 маусым күні найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

7 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерде қатты жаңбыр жауады. 7-8 маусымда кей жерде тұман, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Сондай-ақ солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с күтіледі. 8 маусымда желдің екпіні кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 7-8 маусымда найзағай, бұршақ дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 7 маусымда екпіні 25 м/с күтіледі.


7-9 маусымда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, дауыл сақталады. Күндіз кей жерінде бұршақ. Күндіз 7 маусымда, тәулік бойы 8-9 маусымда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде 15-20 м/с, 8 маусымда екпіні 23 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 7-8 маусымда найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Күндіз 7 маусымда, тәулік бойы 8 маусымда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

Соңғы жаңалықтар