Қазақстанның адвокаттар одағы қорғаушыларға қатысты салық режимін қатаңдатуға қарсы шығуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның адвокаттар одағы қорғаушыларға қатысты салық режимін қатаңдатуға қарсы шығуда

Қазақстанның адвокаттар одағы қорғаушыларға қатысты салық режимін қатаңдатуға қарсы шығуда

Алматы. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның адвокаттар одағы қорғаушыларға қатысты салық режимін қатаңдатуға қарсы шығуда. Бұл туралы бүгін "Қорғаушыларға қатысты жаңа дискриминациялық нормаларды енгізу талпыныстары" тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында Қазақстанның қорғаушылар одағының президенті Әнуәр Түгел мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Наурыз 2008
  • 1027
Фото - Caravan.kz

«Қорғаушыларды кәсіпкерлер санатымен теңестіріп, оларға қосымша құн салығы мен жалпы салық салу тәртібін белгілеу көзделген. Ал қорғаушы хал ахуалы төмен отбасыларына тегін заңгерлік көмек көрсететінін ешкім қаперге алғысы келмейді», -деді қорғаушылар одағының президенті.

Оның сөздері бойынша, мұндай жаңа тәртіп үкімет дайындап жатқан жаңа салық кодексіне енгізілетін көрінеді. Сонымен бірге бұл жаңа жобадан адвокаттарға қарастырылған барлық салық жеңілдіктері алынып тасталады. Алайда қорғаушылар ешқандай жеңілдіктерді пайдаланбаған.

«Жеңілдіктер бар дегенімен, қорғаушыларда ешқандай жеңілдіктер жоқ. Ал қорғаушылар шын мәнінде мемлекет пен қоғамға 60% істер бойынша тегін көмек көрсетеді «, — деді қорғаушылар одағы президиумының мүшесі Александр Розенцвайг.

Баспасөз мәслихаты қатысушылары айтқанындай, бүгінгі кезде » таза табыс есебінен жасалған қорғаушылардың шығыс төлемдер сомасы бойынша екі жақты салық салынуда. Бұл салық жүйесіндегі әділдік және бірлік қағидаларына қайшы келеді».

Олардың сөздері бойынша, басқа салық төлеушілермен салыстырғанда міндетті зейнетақы төлемдері төленгенде және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақысын алғанда қорғаушыларға салық екі жақты салынады. Қорғаушылар ғана ең төменгі еңбекақы мөлшеріндегі сома табысына салынатын шегерімдер жасау құқығынан айрылған. Ал шын мәнінде бұл құқық мемлекеттік маңызды әлеуметтік кепілдердің бірі болып отыр.

«Мұндай жағдайда біздің мемлекетте қорғаушылар кемсітілетін жәйға тап болады «, — деп есептейді Ә. Түгел.

Оның сөздері бойынша, Қазақстанда бүгінгі уақытта «кәсіби қорғаушылардың көмегіне сұраныс жоғары болып отыр . Біздегі нарықтық өзгертулер жүргізілгендіктен азаматтардың соттағы істері күрт ұлғайды. Көптеген құқықтың нормативтік актілер шығып, жай азаматтардың оны түсінуі қиындап кетті «.

Қорғаушылар одағының мәліметтері бойынша, ауылды жерлерде қорғаушылардың саны мен көрсетілетін көмектері «жоғары әлеуметтік салық ставкасының көтерілуінен» күрт азайды. Қазақстанда шамамен 4 мың қорғаушы бар. Кәсіби мамандардың кетуіне байланысты бір қорғаушыға 5 мың азамат келеді. Ал көршілес жатқан Ресейде бір қорғаушыға екі мың адам, Еуропа мен АҚШ-та бір қорғаушыға 400-500 адам келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті